Соғылмаған шайбалар…

Күндегі әдетім бойынша, жұмыс басталысымен  поштамды тексеретінмін. 7-қыркүйектен бері бірден спорт сайттарына бас сұғып, Сашаның халі жақсарды ма деген сұраққа жауап іздеуге асығамын. Көңіл қуантар ештеңе де жоқ.

Қош бол, Саша!

Денесінің 90 пайызын күйік шалып, тыныс алу мүшелеріне дейін күйіп кеткен Саша Галимов өмір мен өлім арасында арпалысып жатыр деген жадау  мәлімет қана… Күн сайын тұтас команданың артынан бір тірі жан қалса екен деп Александрға амандық тілегенмен, тағдырға кім араша болыпты?! Бүгін әуе апатынан  аман қалған «Локомотивтің» жалғыз хоккейшісі Александр Галимов көз жұмды. Минскідегі матчқа жөнелеміз деп, ана жаққа аттанып кеткен командаластарының соңынан Саша да ерді…

Әрі қарай оқу

Гридин vs Әзірбайжан немесе желінбей қалған торт…

Жеңіліске  етіміз өліп кеткен біздерді құраманың кешегі жеңісі рухтандырып жіберді. Әрине, Әзірбайжан алып бара жатқан команда емес, алайда дәл қазір футбол алыптарының қалпағын қайырып жіберетіндей көңіл күйде жүрмін. Сарыла күткен гол мен ұпайды алғанымыз абырой болды, ә?! Әзірбайжан футболының жүз жылдығына орай ұпай олжалап, ұнжырғамызды көтереміз деген рухпен  келген қарсыластарды орнына қойдық-ау әйтеуір… Әрі қарай оқу

Өзекті өртеген жеңіліс…

Жылдың ең маңызды матчының аяқталғанына бес күн болды. Финалға дейін кім жеңеді деп ауыз жаппай келген менің ақтық сыннан соң үндемей қалғанымды кейбір жанкүйерлер дұрыс түсінбесе керек. Алдағы екі үш күннің ішінде диплом қорғасам ба деген ойым бар. Жасырып қайтем, жұрттар жыл бойына диплом жазып, алпыс бетін түгендеп қойыпты. Мен сол футбол футбол деп жүріп, көштен қалып қоя жаздаппын… Сонымен, Кубокты кім алып еді өзі?! 🙂  Әрі қарай оқу

Көптен күткен ұлы той

Лондон көшелерінде кешелі бері қарбалас.  Бір айдан бері финалда кім жеңеді деп  ауыз жаппаған жорналшылар мен түнімен бар жағалап, жасыл алаңға телміретін жанкүйерлерге жауап береді бүгін «Манчестер» мен «Барселона».  Іңір түсе «Уэмбли» шамдары жарқырап, барша әлем Британияға көз тігеді… Әрі қарай оқу

Сананың арманы – Олимпиада!

«Кішкентай жұлдыз»! Бұл бас бапкер Нелли Щербакованың волейболшы Сана Жарылғасоваға таққан айдары. Жастығына қарамай, ұлттық құрамадағы шын шеберлерді мойындатқан Сананы қатардан  көргенде қуанып қалатынымыз рас. «Арпа ішіндегі бидайдай» болып, жарқырап жүретін қандасымыз үшін барша қазақтың  жанкүйер екені тағы да шын.   Жат жерде туған қарагөз Қазақстанға қалай тап болды?!  Сананың қазақ волейболына алып-қосар үлесі қандай? Көкейдегі өзге де сауалдардың жауабын білу үшін Сананың өзін әңгімеге тартқан едік. 

Әрі қарай оқу

Жеңіс пен ажал «сыйлаған» айналым

Әйгілі Альфредо Бинда мен Фаусто Коппидің даңқын асқақтатқан «Джиро д Италия»  бельгия жанкүйерлері үшін қайғылы аяқталды. Осыдан үш күн бұрын «Джиро д Италия» велокөпкүндігінің үшінші айналымында  шабандоз Воутер Вейланд  қаза тапты. Биіктен аса жоғары жылдамдықпен құлдилап келе жатқан ол тепе-теңдікті сақтай алмай, атынан аударылған.  Аққайнарға шомылып, тұғырда қасқайып тұру үшін келген Воутер Италиядан оралмаймын деп ойламады ау… Бұл тек Бельгия ғана емес, әлем жанкүйерлері қасірет шеккен күн еді…

Воутердің соңғы айналымы

Воутердің соңғы айналымы

Әрі қарай оқу

Финалда кездескенше!!!

Ернар ағаймен ерегісіп, мақалшыл Жақсылықпен алысып-жұлысып жүріп Чемпиондар Лигасы жолындағы жарыстан отыз команданы «ұшырып» жіберіппіз.

5-і жатақхананың  мызғымас фансекторына  айналған 416-ы бөлмеде ұйқылы ояу  телеге үңіліп отыратын Үмбетәлі, Абай, Аршындардың қуанышында шек жоқ. Әйтеуір финалға жақындадық дейді.

2011жылдың  28 мамырында әйгілі «Уэмбли» «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона»  матчын қабылдайды. Нағыз мықтыны анықтайтын күнді асыға күтіп жүрмін.

Әрі қарай оқу